Lingua - navitas
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»

Конференцияларға қатысу
Конференцияларға қатысу
«Қазақ тілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар»

2026 жылдың 27 сәуірінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастыруымен «Қазақ тілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар» атты көшпелі семинар өтті. Аталған іс-шара қазақ тіл біліміндегі цифрлық бағыттарды дамыту, ұлттық тілдік ресурстарды жетілдіру және ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына жетекші ғалымдар, тіл мамандары, жас зерттеушілер қатысып, қазақ тілінің ұлттық корпусы мен ішкорпустарының құрылымы, қызметі және қолданылу мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. Қатысушылар қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуетін арттыру мәселелерін жан-жақты баяндады.

«Söylem» 5-халықаралық филология симпозиумы, Түркия Республикасы, Ыспарта қаласы. Сүлейман Демирел университеті, 2026 жылғы
7 мамыр, бейсенбі күні өткен «Түркі дүниесі тіл білімі» панелі – 1 секциясына институт мамандары Анар Фазылжан, Мадина Абаева,
Жанар Жұмабаева, Талғат Рамазанов, Елімай Шынатай қатысып, баяндама жасады.