Нәтижелерді енгізу және коммерцияландыру
Нәтижелерді енгізу мүмкіндіктері:
- Қазақ тілінің белгіленімі қойылған аудио деректер базасын пайдалану;
- Сөз синтезінің нейрондық желі моделін білім беру платформаларына енгізу;
- Орфоэпиялық нормаға негізделген әмбебап IT-қосымшаны қолдану;
- HuggingFace және Github платформалары арқылы ашық қолжетімді модельдер мен алгоритмдерді тарату;
- «fonetika.kz» ғылыми-танымдық сайтын іске қосу;
- Электронды оқыту ресурстары мен мультимедиалық өнімдерге интеграциялау.
Әлеуетті пайдаланушылар:
Жоба нәтижелерінің мақсатты тұтынушылары қазақ тіліне қызығушылық танытушылардың барлығы:
- Тіл білімінің әртүрлі саласының зерттеуші-мамандары, тіл білімі мен мемлекеттік тіл мәселелеріне қызығушылық танытатын қауым және т.б.;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, оқулық авторлары мен әдіскерлер;
- мұғалімдер мен оқытатын ұйымдардағы педагогтар;
- мектеп оқушылары, студенттер, қазақ тілі курстарын тыңдаушылар;
- бағдарламашылар;
- тіл үйренушілер.
Жоба нәтижесінде орфоэпиялық нормаға сай жасалатын, просодикалық ерекшелігі анықталатын сөз синтезі жалпы жұртшылықтың сұранысын тудырады. Сондықтан коммерцияландыру мүмкіндігі жоғары.
Қолданылу салалары:
- Білім беру және e-learning платформалары;
- Компьютерлік лингвистика және жасанды интеллект;
- Сөйлеу технологиялары (TTS/ASR);
- Робототехника және интерактивті дауыстық жүйелер;
- Электронды оқулықтар мен аудиокітаптар;
- Медиа, жарнама және цифрлық контент өндірісі;
- Навигациялық және ақпараттық хабарлау жүйелері;
- Қазақ тілін оқыту және тілдік технологиялар.
Серіктестерге арналған ұсыныстар:
- Білім беру платформаларын әзірлеуші IT-компаниялармен бірлескен интеграция жүргізу;
- Университеттер мен ғылыми орталықтар арасында деректер алмасу және бірлескен зерттеу ұйымдастыру;
- Қазақ тіліндегі AI және speech technology өнімдерін коммерцияландыру бағытында ынтымақтастық орнату;
- Электронды оқулықтар мен мультимедиалық контент өндірушілерге TTS технологияларын енгізу;
- Мемлекеттік және жеке сектордағы цифрлық сервистерге қазақ тіліндегі сөйлеу синтезін енгізу.