2024 жыл, қыркүйек-желтоқсан | |
1 | Сөз синтезінің фонетикалық-фонологиялық дерекқорын модельдеу үшін эксперименттік-фонетикалық талдау негізінде білім беру платформаларына тән педагогикалық дискурстағы қазақ тілінің сегменттік және суперсегменттік бірліктерінің позициялық және комбинаторлық варианттары қарастырылды; |
2 | Дыбыстық бірліктердің әртүрлі реңкте, вариацияда айтылуы, дыбыстардың фонетикалық өзгерістері, фонеманың түрленімі анықталды және моделі жасалды. |
3 | Білім беру платформаларындағы сөз үлгілеріне тән фонетикалық дыбыс қорының артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық сипаттамасы берілді және моделі жасалды. |
4 | 1 ғылыми-өндірістік семинар өткізілді. |
2025 жыл, қаңтар-қараша | |
5 | 1 нұсаулық, видеоролик топтамасы, 3 авторлық куәлік. |
6 | Жоба аясында қазақ мәтіндерінің табиғи сөйлеуге барынша жақын болуын қамтамасыз ету үшін ең кіші сегменттердің позициялық заңдылықтары анықталды; білім беру платформаларынан жиналған қазақ тіліндегі аудио және жазба мәтіндер теңестіріліп, сөз синтезінің қоры кеңейтілді; сөздердің орфоэпиялық және просодикалық нормаға сай дұрыс синтезделуі үшін сөз ішіндегі, сөздер жігіндегі және ырғақты топтар арасындағы дыбыстық өзгерістердің алгоритмі жасалып, просодикалық белгіленім қойылды; санмен берілген таңбалардың табиғи дыбысталуын қамтамасыз ететін арнайы қор мен моделі әзірленді; білім беру платформаларындағы мәтіндерден анықталған интонемалардың просодикалық сипаттамасы жасалды; қазіргі синтездеу жүйелеріндегі әдістерге талдау жасалды; |
7 | Scopus базасында citescore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 4 мақала; |
8 | ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымдарда 6 мақала; |
9 | 1 дөңгелек үстел өткізілді, 2 ғылыми-өндірістік семинар ұйымдастырылды. |