Бағдарламаның өзектілігі:
Бағдарлама қазақ тіліндегі сөз синтезі жүйелерінің орфоэпиялық, просодикалық және фонетика-фонологиялық ерекшеліктерді толық сақтай алмау мәселесін шешуге бағытталған. Сонымен қатар сандар, аббревиатуралар, шеттілдік ономастикалық атаулар мен интонациялық құрылымдарды қазақ тілінің нормасына сай дыбыстау мәселелері алғаш рет кешенді түрде қарастырылады. Бағдарлама Қазақстандағы цифрландыру, жасанды интеллект және мемлекеттік тілдің технологиялық қолданысын кеңейту міндеттерімен тікелей байланысты.